Жаңалықтар | Новости

Жаза өтеуден жалтарып, шет жақтағы шаруашылық тың бірінде тығылып жүрген сотталғанды пробация қызметкерлері ұстады

Ол мал ұрлағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған. Алайда, пробация қызметіне келіп, есепке тұрып, жаза өтеудің орнына ол жасырынуға шешім қабылдады.

“Сот он күндік мерзімде пробация қызметіне есепке тұруға міндеттеді. Алайда, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке келген жоқ. Осыдан кейін пробация қызметінің қызметкерлері оған іздеу жариялады. 3 айдан кейін біз оның тұрған жерін анықтап, ұстадық. Ол шаруа қожалығының бірінде қой бағушы болып жұмысқа кірген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оның 2 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жасасы нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады”, – деді бөлімше бастығы әділет майоры Жанболат Кеңесханов.

Комментарий