Жаңалықтар | Новости

“Бірге тұрдық. Бірақ менің өз бөлмем бар, оның өз бөлмесі бар. Оны неке деп есептемеймін”. Қыдырәлі Болманов алғаш рет бірінші некесі жайлы

Продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов бірінші некесі жайлы алғаш рет сөз қозғады. Продюсер өз еркімен емес, балалық шалалықпен азаматтық неке құрғанын айтты. Алайда бірінші некеден туған баласы бар деген сөзді жоққа шығарды.

Бұл туралы “Ең  алғашқы” бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Қыдырәлі Болманов алғаш рет бірінші некесі жайлы айтты. Алайда бұны неке деуге негіз жоқ дейді өзі. Ол некеден бала жоқ. Балалықпен болған қателік еді дейді продюсер.

Отандық арналардың біріне берген сұхбатында продюсердің жары Қарақат Әбілдина Болмановтың бұрын бір рет үйленгенін, некесіз туған баласы болғанын айтып қалған еді. Алайда ол бала шетінеп кеткен соң некесі де бұзылғанын айтты. Алайда Болманов мырза жарының сөзін теріске шығарды.

 

“Жас кезімде менің артымнан жүгірген қыздар көп болды. Оны Қарақаттың өзі де көрді. Оған дейін жатақханада тұрып жатқан уақытта да қыздар өздері іздеп келетін. Сондай қыздардың бірі жиі келетін болды. Тіпті менің бөлмемді жинап, менімен жақын болып кетті. Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейді дегендей ғой. Ол кезде жаспын. Баламын. Шалалық басым. Ешқандай махаббатсыз, баянсыз болған жағдай. Бірге тұрдық. Бірақ менің өз бөлмем бар, оның өз бөлмесі бар. Оны неке деп есептемеймін. Неке қиған емеспін. Балам да болған жоқ. Ол уақытты жай ғана шалалық деп есептеймін”, – деді продюсер.

Продюердің есебінше, оның ақ некелі жары Қарақат Әбілдина. Одан өзге некесі болған емес. Ол туралы айтылған әңгіменің бәрі жай ғана қауесет болып шықты.

Комментарий