Жаңалықтар | Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысуы туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтыны туралы сауалдар келіп жатқанын айтып, сұраққа жауап берді.

“Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған”, – деді Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Жеңіс шеруі 9 мамырда Мәскеудің “Қызыл алаңда” өтеді.

Тоқаев 2020 жылы Мәскеуде өткен салтанатты шеруге қатысқан. Биыл Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер 2021 жылы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатыспайтыны белгілі болды.

Комментарий