Жаңалықтар | Новости

Коронавирус және пневмония: тағы 31 адам қайтыс болды

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан 31 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

7 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 551 пациент стационарда, 27 885 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 782 адамның жағдайы ауыр,
• 188 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 115 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

5 мамырдағы мәлімет бойынша, 101 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 400, өлім жағдайлары – 829, барлығы 52 100 адам сауығып шықты.

Комментарий