Жаңалықтар | Новости

ҚАЖ қызметкерлері Тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Отан соғысы жылдары ер- азаматтар соғыс алаңында Отан үшін от кешсе, олардың амандығын тілеген ел -жұрты Тылда аянбай еңбек етіп ерлік үлгісінің сан қырын таныта білді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері  Тыл ардагері Қожағұлова Айқын әжеміздің  тұрмыс-тіршілігін көріп, мерекесімен құттықтап шықты.

Соғыс басталғанда небәрі 7 жастағы  әжеміз етігімен су кешіп, масақ терген. Ол кезде 7-8 жастағы балалар толыққанды жұмысшы адамдар болып саналатын. Бізде балалық шақ деген дәурен болмаған.  Мектептің 4-7 сыныбындағы балалардың бәрін егінге апаратын. Бір кесе бидай үшін сотталып кететін деп,- сұрапыл соғыс жылдарындағы тартқан тауқыметі жайлы сыр шертті. Тыл еңбегінің ауыр жүгін арқаласа да, ұрпағының бүгінгі бақытты сәті үшін көрген мехнатына еш өкінбейтінін айтты.

Жұбайымен 8 бала өсіріп, олардан тараған немере, шөбере  қызығын көріп отырған кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді. Қазір немере-шөберелерінің ортасында отырған қария оларға үнемі төзімділік пен еңбекқорлық жайлы жиі айтады.

87 жасқа келген әжемізден естіген әңгімеден рухани жан азық алып қайтқан ҚАЖ қызметкерлері ардагер әжеміздің батасына кенелді. Ардагеріміз де,бұл сала қызметкерлеріне бала жүректі қарияның көңілін аулап,елеп -ескергені үшін алғысын айтты.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий