Жаңалықтар | Новости

Біртановтың үйқамақта отыратын уақыты ұзартылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыратын уақыты 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сот күдікті Біртановқа қатысты үйқамақтың мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі алдын-алу шарасының 8 айға дейін, яғни 2021 жылғы 14 мамырдан 2021 жылғы 14 маусымға дейін ұзартылды”, – деп сот шешімін тергеу сотының судьясы Айбек Абу мәлімдеді.

Судья Біртановтың жұмысқа тұра алатынын айтты.

“Біртановтың жұмыс табуға құқығы бар. Оған тек жақын туыстарымен ғана емес, басқа адамдармен де сөйлесу құқығы берілді. Процесске қатысушылармен байланыс орнатуға тыйым салынды. Сондықтан күдікті Біртанов Ысқақовпен және Мағауовпен сөйлесті деген айыптау негізсіз”, – деді судья.

Күдікті Біртановтың шетелде жылжымайтын мүлкі немесе жақын туыстарының шетелде тұруға ықтиярхаты болуы мүмкін деген петицияны да сот негізсіз деп тапты.

Еске сала кетейік, кеше сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырды және мемлекетке аса ірі көлемде – 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар мөлшерінде материалдық зиян келтірді деген күдікке ілінгенін айтқан.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі.

Комментарий