Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда екі өңір “қызыл” аймақтан шықты

Қазақстанда екі өңір – Шымкент қаласы және Қостанай облысы “қызыл” аймақтан шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ВАК “қызыл”, “сары” және “жасыл” аймақтарда қандай өңірлер бар екенін жариялады.

2021 жыл 6 мамырдағы мәлімет бойынша, “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

“Сары” аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.⠀

“Жасыл” аймақта Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирустың 2 443 жаңа жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.

Комментарий