Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда кейінгі тәулікте 2443 адамнан COVID-19 анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін 4 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған 2298 адам анықталса, 3 мамырда 2076 жағдай тіркелген еді.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 398, Алматы қаласы – 651, Шымкент қаласы – 70, Ақмола облысы – 101, Ақтөбе облысы – 86, Алматы облысы – 200, Атырау облысы – 83, Шығыс Қазақстан облысы – 84, Жамбыл облысы – 69, Батыс Қазақстан облысы – 151, Қарағанды облысы – 245, Қостанай облысы – 25, Қызылорда облысы – 32, Маңғыстау облысы – 60, Павлодар облысы – 123, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 36.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 334 812.

Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 3816 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 379, Алматы қаласы – 1951, Шымкент қаласы – 64, Ақмола облысы – 14, Ақтөбе облысы – 193, Алматы облысы – 274, Атырау облысы – 140, Шығыс Қазақстан облысы – 31, Жамбыл облысы – 140, Батыс Қазақстан облысы – 48, Қарағанды облысы – 229, Қостанай облысы – 21, Қызылорда облысы – 65, Маңғыстау облысы – 90, Павлодар облысы – 85, Солтүстік Қазақстан облысы – 23, Түркістан облысы – 69.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 288 187.

Комментарий