Жаңалықтар | Новости

Мекеме қызметкерлері «Отан қорғаушылар» күнін атап өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің мәжіліс залында санитарлық сақтық шаралары сақтала отырып  «7 мамыр – Отан қорғаушылар»  күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара  Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, мекеме бастығы әділет майоры Р.Алимовтың құттықтау сөзімен жалғасын тапты.

Мекеме бастығы Руслан Айтуғанұлы қызметкерлерді  мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, мол бақыт тіледі. Мереке қарсаңында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты  Қалиев Бағлан Болатұлы өзінің кезекті арнаулы атағы әділет аға лейтенанты шенін алды. Сонымен қатар, қызметтегі жақсы жетістіктері үшін мекеме бастығының  бұйрығымен «Грамотамен» әділет аға лейтенанты А.Сұлтанғали, әділет сержанты Ж.Жақаев , «Алғыс хатпен» әділет майоры А.Уайдаев,әділет сержанты Е.Айтбай марапатталды.

Мерейлі мереке қарсаңында мекеменің қыз-келіншектері қызметтегі ер-азаматтарды мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне абырой тіліп, сый-сияпат жасады.

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

 

Комментарий