Жаңалықтар | Новости

Мен “жұлдыз” ауруымен ауырдым, бәріне өзім кінәлімін – Қайрат Түнтеков

Қайрат Түнтеков өзінің бір кездері “жұлдыз” ауруына шалдыққанын мойындады. Жастықтың отымен, танымалдықтың шыңы әншінің менмендігін оятып, өзіне деген сенімділігін арттырған. Алайда  бұл ұзаққа созылған жоқ. Үлкен сабақ алған әнші ол ісіне өкінеді.

Бұл туралы “Талқылайық” бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Қайрат Түнтековтың 2012 жылы жол апатын жасап, ол үшін заңды түрде жауапқа тартылғаны белгілі. Атышулы істен кейін әншінің өзі де сахнадан көрібей кетті. Сағыннан көрермені сүйіктісі әншісін бірнеше жылға дейін жоғалтып алды.

“Мен бір кездері  “жұлдыз” ауруымен ауырғанымды мойындаймын. Сәл-пәл “жұлдыз” болып кеттім. Оны мойындаймын. Өзіме сенімді болдым. SuperStar KZ жобасынан кейін бірнеше продюсермен жұмыс істедім. Бірақ менің көңілімнен шықпады. Сосын 2009 жылдан бастап Динара Адаммен жұмыс істедім. Ол кісі ақылды адам. Мен үшін де, ол кісі үшін де табысты, жақсы болды. Динара Адаммен жұмыс істеген ұнады. Телевизия саласының маманы. Алайда продюсер ретінде менімен алғаш рет жұмыс істеген еді. Бір-біріміз үшін жақсы тәжірибе болды. Алайда мен өзім бөлек шыққым келді. Менің айналамдағы адамдар “бөлек шық” деп қолқа сала бастады. Менің ол кезде танымалдығым артып тұрған кез. Өзіме сенімді болдым. Өзімді жұлдыз сезіндім. Өзгелердің сөзі әсер етті. Сондықтан Динара Адаммен қош айтыстым. Ол кісі бірнеше рет ойымнан айнытып көрді. Мен көнбедім. Жылап қоштасты”, – деді әнші.

 

Қайрат бөлек әнші ретінде біраз уақыт жұмыс жасап көрді. Алайда бір рет сүрінем деп сахнадан мүлде жоғалып кетті.

“Мен ән жазып, бейнебаян түсіріп, біраз жүрдім. Кейін жол апаты болды. Одан кейін күйзеліске түстім. Қанша адам көмектескісі келді. Жұмыс істегісі келді. Ешнәрсеге зауқым болмады. Бәрінен бас тарттым. Ішімдік іштім. Бәрі қаңырап қалды. Мүмкін Динара Адаммен әлі күнге дейін жұмыс істегенде бәрі басқаша болар ма еді. Мен ол кісімен қоштасқанымен өкінемін. Мен қателік жасадым. Қазір сол кезде ақыл айтқан адамдардың ешқайсысы қасымда жоқ. Ал мен жалғыз қалдым. Қарызға баттым. Солай ісім тұралап қалды”, – деді Түнтеков.

Дегенмен Түнтеков ауыр күндерді жеңгенін, бәрі артта қалғанын айтты. Бүгінде бәрін қайта бастап, шығармашылығын қолға алған.

Бұған дейінгі бір сұхбатында Түнтеков өз елім мені бағаламады, мен шетелге кетемін деген өкпесін айтқан еді. Алайда бұл ойынан айнып қалған. Әнші шетелге тек тәжірибе алу мақсатында баруға дайын екенін жеткізді.

“Мені шетелге шақырса, барар едім. Бірақ біржола барамын деп айта алмаймын. АҚШ-қа барғым келеді. Өнеріме қолдау болса барар едім. Бірақ Шымкентіме, еліме қайтып ораламын. Ол жақта біржола тұра алмас едім”, деді ол.

Комментарий