Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі азаматтың үй құрылыс жұмыстарына көмек көрсетілді

Қазалы аудандық пробация қызметі дәстүрлі түрде қайырымдылық шараларын өткізуде. Мұндағы мақсат аудандық пробация есебіндегі тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж азаматтарға көмек қолын созу. Аудандық пробация есебіндегі  тұрмыс жағдайы төмен, қарт анасымен бірге тұратын Ж., есімді азаматқа қайырымдылық көмек көрсетілді.

«Жуырда аудандық пробация қызметінің есебіне «Денсаулыққа қасақан ауыр  зиян келтіру» бабымен істі болып, 4 жыл бас бостандығынан шектеуге сотталған азамат есепке алынды. Оның тұрмыс жағдайын зерделеу барысында жағдайы төмен екендігі, қарт анасымен бірге апатты үйде  тұратындығы  анықталды. Есептегі азамат өз күшімен үй салып бастаған, алайда қаржының жетіспеушілігіне байланысты, құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаттары қаржылай көмек көрсетіп, ерікті жастар қол ұшын созып, үйді аяқтауға ұйытқы болуда,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов.

Бұл дегеніміз аудандық пробация қызметі қызметкерлерінің есептегі әрбір азаматтың әлеуметтік  жағдайына бей-жай қарамағандығының белгісі. Бұған дейін есептегі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге азық-түліктей көмек көрсетілген болатын. Аудандық пробация қызметі қылмыс әлеміне табаны тиген азаматтардың қоғамға қайта бейімделуі үшін қыруар жұмыстар атқаруда. Соның нәтижесінде, бүгінде 3 азамат жеке кәсібін ашты. Олар мал шаруашылығымен, құс өсіріп кәсібін дөңгелетіп отыр.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Комментарий