Жаңалықтар | Новости

Маңғыстау облысы “сары” аймақтан шықты

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 мамырдағы эпиджағдайға сәйкес, “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.⠀

“Сары” аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.


“Жасыл” аймақта: Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Комментарий