Жаңалықтар | Новости

“Сіздер білмейтін көп сыр бар”: Mad Men тобының мүшелері пікір білдірді

Қазақстандық Mad Men Q-pop тобының екі мүшесі әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Олардың әлеуметтік желі арқылы видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Топ мүшелерінің бірі Мадияр Ахметкали Instagram-stories-те жанкүйерлер үшін видео түсірді.

“Сіздер білмейтін көп сыр бар. Әзірге толық ақпарат айта алмаймыз, бірақ ерте қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Біз бәрін шешкеннен кейін өзіміз айтамыз”, – деді жігіт.

Сондай-ақ, ол қазір топтың қалған мүшелері жаңа альбоммен жұмыс істеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. Олардың арасында Mad Men тобының мүшелері бар екені туралы хабарланды. Есірткі қылмысына қатысы бар Mad Men тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Комментарий