Судья мінбері | Судебная система

Электронды форматта қаралатын қылмыстық істердің саны артуда

Қылмыстық іс жүргізуді жетілдіру Қазақстандағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. «Электрондық қылмыстық іс» жобасы қылмыстық процесті ашық етуге және бюрократиядан құтылуға көмектеседі.

2017 жылдың 21 желтоқсанында қылмыстық іс жүргізуді одан ары жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының ҚПК-і 42-1 бабымен толықтырылды. Бұл бап бірінші рет қылмыстық іс жүргізуді электронды түрде және қағаз форматында өткізу мүмкіндігін қарастырды..

Осылайша, қылмыстық істерді қағаздан электрондыққа біртіндеп көшіру басталып, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап сотқа дейінгі тергеп тексеру органдары қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар санатына жататын қылмыстырды электронды форматта жүргізе бастады.

«Электронды қылмыстық іс» модулі қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуден бастап, қылмыстық істі тергеу, үкімді орындаумен аяқталатын қылмыстық процестің барлық кезеңдерін қамтиды.

Қолданыстағы ҚПК-тің 42-1-бабына сейкес Қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық сот ісін өз қалауы бойынша электрондық форматта жүргізе алады және ол туралы уәжді қаулы шығарады.

Яғни, қылмыстық iсті жүргiзуші тергеушi немесе анықтаушы өз қалауы бойынша iстi электрондық форматта жүргiзу туралы шешiм қабылдайды. Бұл жағдайда барлық процестік құжаттар компьютерде жасалады немесе сканерленіп бағдарламаға енгізіледі.

Мұндай электрондық форматтағы қылмыстық істер сотқа электронды түрде жіберіледі және сот отырысы қылмыстық істің барлық қатысушыларын электронды қылмыстық іске қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютерлермен жабдықталған сот залында өткізіледі

Электрондық форматта қылмыстық іс жүргізудің төмендегідей айқын артықшылықтары бар.

Қылмыстық істерді электрондық формата жүргізу қаржы шығындарын қысқартуға, материалдарды бұрмалау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

«Электрондық қылмыстық іс» модулінде процестік құжаттарды онлайн тәртібінде алуға, өтiнiшхаттар беруге, алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң материалдарымен қашықтықтан танысуға мүмкiндiк бар. «Электрондық шағым» функциясының көмегімен күдікті, оның қорғаушысы, жәбiрленушi тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) электрондық форматта шағым бере алады.

Электронды қылмыстық іс тергеудің басынан бастап прокурордың және соттың қылмыстық іс жүргізушіді қадағалауына және қылмыстық процесті

жүргізуші органның процестік заңның нормаларын бұзған жағдай тез арада шара көруге мүмкіншілік береді.

2025 жылға дейін қылмыстық іс жүргізудің электрондық форматқа толық көшуін жүзеге асыру жоспарлануда.

2019 жылдың қаңтар айынан қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар санатына жататын құқық бұзушылықтармен қоса орташа дәрежедігі қылмыстар электронды форматта жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Электрондық қылмыстық іс» инновациясы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында сәтті жұмыс істеуде. Мысалыға айтатын болсақ, Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 2018-жылы 32 электронды форматтағы қылмыстық іс қаралса, 2019-жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде 38 электронды форматтағы қылмыстық іс қаралды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының тәжірибесі қылмыстық істі электронды форматта жүргізу – қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, процесте тараптардың бәсекелестігін күшейту және қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етудің шешім болып табылатынын растайды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы Әлмағамбетов Дастан Нұланұлы

Комментарий