Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

ҚАЖД ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамын тойлады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамының «Береке бастауы бірлік, ел іші татуы тірлік» атты науқанын өткізді.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері өз тарапынан Отан соғысына қатысқан, тыл ардагерлері, сонымен қатар, мекемеде бірнеше жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді ынтымақ күнімен құттықтау үшін азық-түлік қорларымен, ақшалай сыйлықтар ұсынып қайтты.

«Бұл мереке Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай мекеме қызметкерлері оннан астам тыл ардагерлері мен зейнеткерлерді құттықтап үйлеріне барып қайтты. «Қарты бар ел — қазыналы ел» деп, елiмiзде аға толқын өкiлдерiне ерекше көңiл бөлеміз. Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін »,- дейді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

Комментарий