Жаңалықтар | Новости

Алматы қаласының кадр қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі түсіндірілді

Бүгін, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде, Мемлекеттік қызмет істері Департаментінде аумақтық мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметті өткеру бойынша семинар өтті. Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын онлайн режимде спикер және модератор – Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г. А. Бейсембинова өткізді. Вебинарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көрсетілген негізгі көрсеткіштер бойынша 4 бағыт қарастырылды, атап айтқанда, қызметшілердің таза ауысымдылығы, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және “Е-қызмет” интеграцияланған жүйесіндегі жұмыс белсенділігі.

Іс-шара барысында қатысушылар қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша оқытуға қатысты сұрақтар қойды.

 

Комментарий