Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Жеңіс мерекесінің 76 жылдығына орай Отан соғысына қатысушылардың әрқайсысына 1 млн. теңгеден көмек беріледі

Жеңіс мерекесінің 76 жылдығына орай Алматы облысында Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 млн. теңгеден бір реттік материалдық көмек беріледі. Ол үшін облыстық бюджеттен 41 млн. теңге бөлінді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша өңірде 41 соғыс ардагері тұрады, оның 24-і – қатысушы, 17-сі – ҰОС мүгедегі. Жеңістің 76 жылдығына орай олардың әрқайсысына 1 млн. теңгеден материалдық көмек беру үшін облыстық бюджеттен 41,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан 15 санаттағы ардагерлерге де 30 мың, 60 мың, 100 мың теңге көлемінде бір реттік төлем беру жоспарланған. Жалпы сол 15 санаттағы азаматтарға 9 мамырға орай бір реттік материалдық көмек беруге 328,2 млн. теңгеден астам сома қаралып, 8718 адамды қамту жоспарланған.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарий