Жаңалықтар | Новости

Шетелге шығуға шектеу: ІІМ хабарламаға жауап берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр. ІІМ ақпаратқа түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Instagram қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, “Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар”, – делінген ведомство жауабында.

Комментарий