Жаңалықтар | Новости

Жеке куәлігін жоғалтып алған пробация қызметінде тіркеуде тұрған азамат құжатын қалпына келтірді

«Ж» есімді азамат Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының 28.06.2018 жылғы үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы 1-бөлігі негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеліп пробациялық бақылау белгіленген болатын. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) Зайсан аудандық пробация қызметі есебінде тұрған бұл азамат пробация қызметіне кезекті тіркелуге келген уақытта өзінің жеке куәлігінің жоғалғандығын айтып, көмек сұрады.

Жалпы пробация қызметінің негізгі бағыттарының бірі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету болып табылады. Сондықтан ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларының негізінде әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бағдарламасы жасалып, жеке куәлігін рәсімдеуге тиісті құжаттары өткізіліп, жеке куәлігі жасалды.

Ж.ОРЫМХАНОВ, ШҚО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық ПҚ инспекторы әділет лейтенанты

Комментарий