Жаңалықтар | Новости

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері арасында СОVID-19-ға қарсы ерікті вакцинация басталды

Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері арасында СОVID-19-ға қарсы ерікті вакцинация басталды. Бұл шара кезінде аймақтағы Зайсан аудандық пробация қызметкерлері КВИ-ға қарсы вакцинацияланды.

Атап айтқанда, Зайсан ауданы бойынша вакцинаны алғашқылардың бірі болып Зайсан аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қабылдады. Олар Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Енді ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана вирусты жеңіп, қалыпты тұрмыс-тіршілікке қайта оралатынымызға сенімiмiз мол. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы.

Ж. ДАИРБЕКОВ, ШКО бойынша КАЖД Зайсан аудандык ПК инспекторы әділет лейтенанты

Комментарий