Жаңалықтар | Новости

ҚТЖ-да вакцина егу қарқынды жүруде

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еріктерімен қабылдауда. Пандемияның таралуына қарамастан, теміржолшылар, әсіресе тасымалдау процесіне тікелей қатысатындар өз орындарында жұмыстарын жалғастыруда. Тек кеңсе қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуде.

Теміржол қызметкерлері пандемиямен сәтті күресуге өз үлестерін қосуға тырысуда, өйткені олар елдегі ең үлкен жұмыс беруші атауына ие. ДДҰ ұсыныстары бойынша COVID-19 таралуын тоқтату, сондай-ақ ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халық немесе қызметкерлер жалпы санының 65-70% дейін вакцинация егілуі қажет.

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 1200-ден астам адам вакцина қабылдады. Екпе қабылдағандар саны бойынша көшбасшылар арасында —  Орталық аппарат пен Шаруашылық Басқармасы филиалдарының қызметкерлері.

Өңірлер бойынша алғашқы бестікке Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Көкшетау кіріп отыр. Соңғы аптада Қарағанды, Семей, Павлодар, Тараз және Қызылорда белсенді бола түсті.

 

Комментарий