Жаңалықтар | Новости

Балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді – Жазира Байырбекова

Танымал әнші Жазира Байырбекова Қазақстандағы балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді ұсынды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі баланың анасы, аяулы жар Жазира Байырбекова елміздегі балалар үйіндегі бүлдіршіндер мейірімге зәру екенін айтты.

“Мені көп толғандыратын мәселе бар. Еліміздегі балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес. Оларға материалдық көмек жасайтындар көп. Бірақ балаға қарайтындар қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махаббат бөле алмайтыны үшін жаным ауырады”, – деп жазды Жазира Байырбекова Instagram парақшасында.

Әнші адамға, балаға ең алдымен мейірім мен көңіл бөлу, қара нан мен қара су қажет екенін айтты.

“Мен жеке басымның, отбасымның мәселесімен үкіметтен бір нәрсе сұрамадым. Бірақ мемлекет басшыларынан балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді. Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүрек мейірімге толар еді”, – деп жазды ол.

Комментарий