Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда кейінгі тәулікте 2883 адамнан COVID-19 анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бір күн бұрынғы жағдай бойынша, 2682 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 584, Алматы қаласы – 695, Шымкент қаласы – 114, Ақмола облысы – 140, Ақтөбе облысы – 128, Алматы облысы – 185, Атырау облысы – 110, Шығыс Қазақстан облысы – 92, Жамбыл облысы – 79, Батыс Қазақстан облысы – 153, Қарағанды облысы – 258, Қостанай облысы – 25, Қызылорда облысы – 77, Маңғыстау облысы – 62, Павлодар облысы – 112, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 42.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 316 965.

Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 2850 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 413, Алматы қаласы – 931, Шымкент қаласы – 6, Ақмола облысы – 116, Ақтөбе облысы – 230, Алматы облысы – 329, Атырау облысы – 153, Шығыс Қазақстан облысы – 76, Батыс Қазақстан облысы – 166, Қарағанды облысы – 177, Қостанай облысы – 17, Қызылорда облысы – 70, Маңғыстау облысы – 24, Павлодар облысы – 92, Солтүстік Қазақстан облысы – 38, Түркістан облысы – 12.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 271 289.

Комментарий