Жаңалықтар | Новости

Ақтөбеде түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар коронавирусқа қарсы екпе алды

«Спутник V» екпесін егу шарасы басталмас бұрын, ҚАЖ қызметкерлерімен түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1, КА-168/2 және КА-168/3 мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында екпе алуға ниет білдіргендері ең алдымен дәрігерлердің толық тексерілуінен өтіп, екпе қабылдағаннан кейін де 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметінің бастығы әділет подполковнигі Шынболат Даулбаевтың айтуынша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ сотталғандар өз еріктерімен аталған екпені алуды әлі де жалғастыруда.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты барлық мекеме қызметкерлері, сондай- ақ КА-168/2 түзеу мекемесіне қызметке түсетін Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Спутник V» екпесін алған болатын.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Комментарий