Жаңалықтар | Новости

МАҢҒЫСТАУДА 3 ТОННАДАЙ БЕКІРЕ БАЛЫҒЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында бекіре тұқымдас балығының үлкен көлемі тәркіленді. «Қызыл кітапқа» енген теңіз маржандарының салмағы 3 тн-ға жуықтайды. Күдікті-әйел адам. Тінту барысында полиция қызметкерлері оның үйінен 7 тоңазытқышқа бөліп салынған 633 дана бекірені тапты. Сезікті мұндай қылмыспен алғаш рет қолға түскен. Әзірге әйел өз қылмысын мойындаған жоқ. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.
Серік Кужиев Түпқараған аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары:
— «Бекіре» жедел іс шарасы барысында тұрғын үйден бекіре тұқымдас балығының 2 тонна 619 келісі тәркіленді. Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339- бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жазира Қуанышбекқызы

Комментарий