Бас тақырып | Тема дняЭкономика

Қазақстандықтардың банктегі несиелері кешіріледі

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл бойынша белгілі бір топқа кіретін қазақстандықтардың несиелері кешіріледі, деп хабарлайды Ақорда.

Қаулыға сәйкес:

1.Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердегі(Ұлттық банктен өзге банктердің барлығы екінші деңгейлі деп есептеледі) және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша төмендегі жағдайларда несиелер кешіріледі:

1) Келесі топқа жататын тұлғалардың қарыздары кешіріледі:

  • Көпбалалы отбасылар:
  • Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;
  • Мүгедек балалары бар;
  • 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедек балалары бар отбасылар;
  • Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;
  • Жетім балалар;
  • Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толмай айрылған, қазір жасы жиырма тоғыз жасқа жетпегендер.

2) Азаматтардың қарызы 2019 жылғы 1 маусымда жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспау керек;

3) Бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойынша біржолғы тәртіпте шаралар қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары    бар  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  2019  жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығарылып, кешіріледі;

2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша:

1) мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салуды;

2) табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салуды;

3) кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шараларын көздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Комментарий