Жаңалықтар | Новости

Ақтөбе облысының түзеу мекемелеріндегі кітапхана қоры 140 жаңа діни әдебиеттермен толықты

Түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыратын инспекторлардың айтуынша, дінге сенуші сотталғандарға ұсынылған әдебиеттер арасында қазақтың зиялы тұлғалар өміріндегі ислам және отбасы құндылықтары туралы баяндалған.  Жалпы, кітапхана сөресін толықтырған әдебиеттердің негізгі бөлігі сотталғандардың өздерінің сұраныстарына сай жүзеге асырылған.

«Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан дінге сенуші сотталғандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – оларға оң иммунитет қалыптастыру болып табылады.

Осы тұрғыда ҚАЖ департаменті облыстық дін істері басқармасымен бірлесіп, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорындағы діни әдебиеттерді жаңа кітаптармен толықтыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Тулегенов.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі,

Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий