Жаңалықтар | Новости

Алматыда локдаун енгізіле ме? Бекшин жауап берді

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте локдаун туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшин қазір Алматыда халықты белсенді вакцинациялау жүріп жатқанын атап өтті.

“Үкіметтен вакцина көп бөлінді. Қазір вакцинация белсенді жүріп жатыр. Мамырда вирус жұқтыру деректері көп болады деп ойлаймыз, бірақ ай соңында азаяды. Алматыда локдаунға дейін жетпейді деп ойлаймын”, – деді Жандарбек Бекшин.

Комментарий