Жаңалықтар | Новости

Цой коронавирус туралы: жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың тарау қарқыны төмендегенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Коронавирус жұқтырудың апта сайынғы динамикасы наурыздың соңынан бері 46 пайыздан өткен аптада 8 пайызға дейін төмендеді.

Өткен аптадағы өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 30-дан 8 пайызға дейін төмендеді. Жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанғаны байқалады”, – деді Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде COVID-19 оң нәтиже көрсеткен 311 400 науқас және КВИ-мен 52 471 жағдай тіркелген.

“Республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орын жүктемесі 41 пайыз, реанимациялық төсек-орындар – 28 пайыз.

Инфекциялық төсектердің ең көп қамтылуы Қызылорда облысында 58 пайыз, Алматыда – 57 пайыз, Алматы облысында – 57 пайыз, Нұр-Сұлтанда – 56 пайыз.

Реанимациялық төсек орындарда науқас Батыс Қазақстан облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда барынша көп”, – деді Цой.

Оның айтуынша, резервтік қор ел бойынша 26 122 төсек, инфекциялық стационарлар, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкентті қоспағанда, барлық өңірде көпбейінді ауруханалардың бөлімшелері жұмыс істейді.

Комментарий