Жаңалықтар | Новости

Бірге тұрады: 8 жасар модель қыз 13 жастағы блогердің үйіне көшіп барды

Киевте 8 жасар модель Милана Маханец пен 13 жастағы блогері Паша Пэл өздерін жұппыз деп жариялады. Бойжеткен ата-анасының рұқсатымен қазірдің өзінде сүйіктісінің пәтеріне қоныс аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәмелетке толмаған блогерлердің қарым-қатынасы желіде қызу талқыға түсті.

Оның үстіне, «қыз бен жігіттің қарым-қатынасы» біраз уақыттан бері жалғасып келеді. Екі жеткіншек блогердің арақатынасы Likee әлеуметтік желісінде айтылып келді. Ол жасөспірімдер аудиториясы, сондықтан «олардың махаббаты» туралы басқа әлеуметтік желілер білген жоқ. Интернетте ер баланың ашық киімдегі қызды шынжырлап тастаған фотосуреттері жария болды. Блогер қыздың әр түрлі әлеуметтік желілерде миллиондаған тұрақты жазылушылары бар. Психологтер желідегі жазылушылары кумирлеріне еліктеймін деп педофилдердің оңай олжасына айналу қаупі бар деп қорқады.

Желі қолданушылар болып жатқан оқиғаларға ашуланады, бірақ барлық шағымдарға қыздың анасы Дарья Маханец жауап берді.

«Бұл олардың өмірі, олар қалағанын істей алады. Өздері біледі», – деп жауап берді.

Комментарий