Жаңалықтар | Новости

Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

20 маусымға жоспарланған дауыс беруге дейін Пашинян министрлер кабинетін басқарады. Ол сайлауға “Гражданский договор” партиясынан қатысады. Армения президенті Армен Саркисян Үкіметтің отставкаға кетуін қабылдады, деді президент баспасөз қызметіндегілер.

“Конституция бабын басшылыққа ала отырып, Үкіметтің отставкаға кетуін қабылдау”, – делінген президент сайтындағы жарлықта.

Армения Заңына сәйкес, Ұлттық жиналысқа кезектен тыс сайлау парламент таратылғаннан кейін 30 күннен ерте емес және 45 күннен кешіктірілмей өткізіледі.

Комментарий