Жаңалықтар | Новости

Алматыда сауда орталығына мина қойылды деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылды деген ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті жағдайға түсінік берді , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Март” сауда және ойын-сауық орталығында бомба қойылды деген күдік бар”, – делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті өкілдері оларға осы сауда орталығында қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама түскенін айтты.

“Бұл хабарламаға қаланың шұғыл қызметтері қауіпсіздік шараларын қабылдады. Ең алдымен қызметкерлер арасынан 40-қа жуық адам эвакуацияланды, келушілер болған жоқ себебі әлі ашылмаған, қазіргі уақытта саперлер тексеріс жатыр, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз”, – деді ПД өкілдері.

Кейін тексеру аяқталғаны белгілі болды, жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат әлі расталмады.

Комментарий