Жаңалықтар | Новости

Қазақстан әлемде өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!” – деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.

Комментарий