Жаңалықтар | Новости

Ескендір мен жары Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның халық әртісі, әншi-композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкесі мен анасының ауруханада жатқанын ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында жазды.

Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, халық әртісі 4-5 күннен бері жарымен жансақтау бөлімінде жатыр.

“Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан “жағдайы тұрақты” деген сөзі көп үміт және сенім береді”, – деді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Комментарий