Жаңалықтар | Новости

Алматыда жер сілкінісі бойынша болжам жасалды

Алматыда жер сілкінісі бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына болжам жасалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсмология институтының ғылым жөніндегі директоры Досым Сүлеев Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі бойынша мамандар қорытындысын айтты.

“Мамандардың соңғы қорытындысы бойынша, 2021 жылы магнитудасы 5,5 және одан жоғары, сілкіну қарқыны жеті балл және одан жоғары дүмпулер күтілмейді, ықтималдығы 0,7”, – деді Сүлеев.

Алайда бұл болжам 2021 жылдың ортасында нақтыланады.

Еске салайық, 2021 жылдың 6 наурызында Алматы маңында жер сілкінісі болған.

Бұған дейін 4 ақпанда жер сілкінісі Алматыдан 230 шақырым жерде Кербұлақ ауданының таулы аймағында болған.

Комментарий