Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

Педофил – қоғам дерті

«Педофил» деген кім? Бұл термин латын тілінен аударғанда «балаларға деген сүйіспеншілік» деген мағынаны береді екен. Бірақ бұл «сүйіспеншілік» өзгеше… Яғни балалар мен жасөспірімдерге жыныстық құмарлығы артатын психикалық ауытқушылықты білдіреді. Педофил сөзін естігенде денеміз түршігіп кетері анық. Сонымен қатар, біздің қоғамымыздағы ойсыратып орын алып отырған дерт десекте болады.Мұндай ауытқушылыққа ұшыраған адамдар халық арасында 10 мыңнан біреу болатын көрінеді.

Бұл мақаланы жазуға соңғы уақытта болып жатқан жантүршігерлік оқиғалар себеп болды. Бұл тақырыпқа келген кез-келген ата-ананың бей жай қарамасы анық. Қоғамымызда орын алып жатқан оқиғалардан кез келген ата-ана алаңдаулы десек те болады. Алаңдауына да негіз бар, себебі жыл сайын осындай қылмыстың саны артпаса, кеміген жоқ. Сондықтан балалар мен жасөспірімге қауіптің алдын алу мақсатында педофил ұғымын ашығырақ түсіндіріп, қоғамымызда осындай дертпен шалдыққан адамдардың барын ескертуіміз қажет.Ата-анасы бала-шағасын асырау үшін таңертеннен кешке дейін жұмыста болып, амалсыздан мектеп жасындағы балдарын жалғыз қалдырып жүргендер, өз балаларына бөтен адамға есікті ашпауды, жалғыз өзі қараңғы жерде жүрмеуді, танымайтын ересек адамдардың алдауымен еріп кетпеуді, қандайда бір жағдай орын алғанда ойын жасырмай ашық жеткізуін айтып отырудың пайдасы болмаса, зияны келмесі анық. Бұл жағдайдың құрбаны болып жатқан балалардың басым бөлігі әке-шешесі ажырасып, шешесінде қалып, алайда шешесіне келген көңілдесі үйіндегі қорғансыз баланы көріп, соған көз тігіп, өз ойын жүзеге асыруынан болып жатады.Дәл осындай фактпен,ҚР ҚК-нің 120 бабының 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен шешімін тауып, қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды. Бұл шығарылған шешім басқа адамдарға сабақ болып, алдағы уақытта орын алмауға септігін тигізеді деген ойдамын.

Бұл дегеніміз, аталған қоғам дертіне, билікте көз жұма қарап отырған жоқ. Педофилдерге қолданатын қатаң жаза, заң түрлері бар. Алайда, ол жағдайға жеткізбей, яғни жаңа өсіп келе жатқан жасөспірімдеріміздің өмірін құртудан сақтауымыз керек.

 

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

А.Б.Сәндібаева

Комментарий