Қоғам | Общество

Қазақстанда дәрігердің нұсқаулығынсыз сатылатын дәрілер тізімі кеңейтілмек

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің нұсқаулығынсыз сатылатын дәрілер тізімін кеңейтпек. Олардың қатарынан дене қызуын түсіретін, гистаминге қарсы және басқа да дәрі-дәрмекті алмақ. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасының аясында нұсқаулықсыз босатылатын дәрілер қатары кеңейтілмек. Таяуда жарияланған құжат 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін қоғам талқылауында болмақ.

Дәрігердің нұсқаулығымен сатылатын дәрілердің тізімінен ас қорыту жолдарының аурулары мен зат алмасуына, тәбетті ашуға, өт айдауға, іш жүргізуге, қант диабетін емдеуге, жүрек-қан тамырлар ауруларын емдеуге арналған дәрілерді алып тастау жоспарлануда. Сонымен қатар дерматология бойынша сыртқы қолданысқа арналған дәрі-дәрмектің бәрін нұсқаулықсыз сату ұсынылып отыр.

Дәрігердің нұсқаулығынсыз сатуға ұсынылған дәрі-дәрмектің толық тізімі:

Ас қорыту жолдарын және заттардың алмасу ауруларын емдеуге арналған препараттар:

  • Н+-К+-АТФаза тежегіштері: омепразол, эзомепразол
  • Тәбетті ашатын стимуляторлар
  • Антацидті дәрілер
  • Прокинетиктер  (метоклопрамид, домперидон, цизаприд)
  • Адсорбциялайтын дәрілер
  • Бүркеуіш дәрілер
  • Висмут препараттары
  • Биогенді стимуляторлар, өсімдік тектес препараттар
  • Секреторлы функцияларды  күшейтетін препараттар
  • Өсімдік тектес заттарды қоса алғанда гастропротекторлар
  • Миотропты ауырғанды басатын препараттар (дротаверин, папаверин гидрохлориді, пинаверий бромид, бенциклан фумараты, мебеверин, отилониум бромид, альверин, бендазол)
  • Алмастыратын емге арналған ферментті препараттар
  • Өт айдайтын дәрілер
  • Гепатопротекторлар
  • Іш жүргізетін  дәрілер
  • Диареяға қарсы дәрілер
  • Ішек микробиомын реттейтін препараттар (пребиотиктер, пробиотиктер)
  • Энтералды және сыртқа қолдануға арналған  дәрумендер, әртүрлі дәрумендер  және оның аналогтары
  • Толық қанды  май қышқылдарының Омега-3, Омега-6 тобынан ішке қабылдауға арналған  липид алмасуын реттейтін препараттар
  • D  дәрумендерінің тобынан фосфорлы-кальций алмасуына әсер ететін препараттар
  • Шеміршек тіндеріндегі  метаболизмді процестерге ықпал ететін препараттар
  • Мукополисахарид құрылымының препараттары
  • Шығу тегі жануардан алынатын препараттар

Қант диабетін емдеуге арналған, эндокриндік бұзылуларды  түзетуге қолданылатын препараттар:

  • Метформин
  • Қантты алмастыратын дәрумендер және  дәруменге ұқсас препараттар, өсімдік тектес препараттар

Қанның ұюына  және қанға әсер ететін препараттар:

  • Жергілікті қолдануға арналған гемостатиктер
  • Тамыр жақтауларының өткізгіштігін төмендететін препараттар
  • Ішке қабылдауға арналған темір препараттары
  • Ішке қабылдауға арналған дәрумендер және дәруменге ұқсас заттар

Жүрек-тамыр жүйелерінің  ауруларын емдеуге арналған препараттар:

  • Органикалық препараттар: глицерин тринитраттар (таблеткалар, капсулалар, май және  спирт ерітінділері, ауыз арқылы қолданылатын аэрозолдар)
  • Ангиотензин-конвертацияланатын фермент тежегіштері:  каптоприл, эналаприл
  • Миотропты әсері  басым вазодилаторлар: папаверин, бендазол, дротаверин, бенциклан,  винпоцетин
  • Миокард метаболизміне әсер ететеін препараттар: триметазидин, мельдоний, мексидол, инозин, оротат калий, таурин, левокарнитин, фосфокреатин
  • Антиагреганттар: ацетилсалицил қышқылы, пентоксифиллин, дипиридамол
  • Несеп айдайтын және антизотемиялық дәрілер ретінде қолданылатын өсімдік препараттары
  • Гипотонустық жағдайларда қолданылатын препараттар: бензоат натрий кофеині, никотин қышқылының диэтиламиді (кордиамин), адаптогенде
  • Венаның қан айналымы бұзылуы кезінде қолданылатын өсімдік тектес  препараттар және сыртқа қолдануға арналған препараттар
  • Ирригациялық ертінділер (натрий хлориді, глюкоза)

Дерматологияда қолданылатын препараттар:

  • Сыртқа қолдануға арналған барлық препараттар

Жыныс гормондары және несеп жыныс жүйелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар:

  • Кортикостероидтермен біріктірілімдерді қоспағанда  гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған  антисептикалық және микробқа қарсы препараттар
  • Левоноргестрел (Постинор)
  • Жергілікті қолдануға арналған гормоны жоқ  контрацептивтер
  • Қынап ішіне  қолдану үшін жыныс жолдарымен берілетін инфекциялардың профилактикасы үшін  қолданылатын препараттар
  • Өсімдік тектес  дизуриялық бұзылуларды емдеуге арналған препараттар
  • Эректилді дисфункцияны емдеуге арналған препараттар
  • Өсімдік тектес  қуық асты безінің  қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар

Жыныс гормондары мен инсулиндерді қоспағанда тұрақты қолдануға  арналған гормондар:

  • Сыртқа қолдануға арналған глюкортикоидты препараттары
  • Біріктірілген препараттар құрамына кіретін сыртқа қолдануға араналған глюкортикоидты препараттар

Микробқа қарсы препараттар:

  • Сыртқа қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар
  • Сыртқа қолдануға арналған микозға қарсы препараттар
  • Сыртқа қолдануға арналған  вирусқа қарсы препараттар және мұрынға қолдануға арналған препараттар
  • Қышыманы емдеуге арналған препараттар
  • Педикулезді емдеуге арналған препараттар

Ісікке қарсы препараттар:

  • Микроб, өсімдік және жануарлар тектес иммуномодуляторлар

Иммуномодуляторлар:

  • Микроб, өсімдік және жануарлар тектес иммунды стимуляторлар
  • Синтетика тектес препараттар, азол – левамизол, циметидин, бензимидазол туындылары
  •  Пурин туындылары – инозин пранобекс, гропринозин
  • Пирамидин туындылары –  метилурацил, диуцифон
  • Нуклеин қышқылдарының  туындылары – нуклеинат натрий, дезоксинуклеинат натрий
  • Полиэлектролиттер – полиоксидоний

Сүйек-бұлшықет ауруларын емдеуге арналған препараттар:

  • Салицил қышқылының туындылары  –салицилат натрий, ацетилсалицил қышқылы, холин салицилат, салициламид, метилсалицилат
  • Пропион қышқылының туындылары – ибупрофен, флурбипрофен, кетопрофен, напроксен
  • Фенил сірке қышқылы туындылары – диклофенак, ацеклофенак, этодолак
  • Пиразолон туындылары – метамизол
  • Оксикамалар – пироксикам, лорноксикам,  теноксикам
  • Қышқыл емес туындылар – парацетамол
  • Селективті тежегіштер ЦОГ-2 – нимесулид
  • Сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары кезінде ауырсыну кезінде  сыртқа қолданылатын препараттар
  • Сыртқа қолдануға арналған миорелаксант препараттары
  • Несеп қышқылы диатезін емдеу үшін пайдаланылатын өсімдік тектес препараттар

Жүйке жүйесін емдеуге арналған препараттар:

  • Сыртқа қолдануға арналған жергілікті анестезия үшін препараттар
  • Салицил қышқылының туындылары  –салицилат натрий, ацетилсалицил қышқылы, холин салицилат, салициламид, метилсалицилат
  • Пропион қышқылының туындылары – ибупрофен, флурбипрофен, кетопрофен, напроксен
  • Фенил сіркесі қышқылының туындылары – диклофенак, ацеклофенак, этодолак
  • Пиразолон туындылары – метамизол
  • Оксикамалар – пироксикам, лорноксикам,  теноксикам
  • Қышқыл емес туындылар – парацетамол
  • Селективті тежегіштер ЦОГ-2 – нимесулид
  • Бас сақинасының ұстамасының ауырсынуын басуға арналған препараттар
  • Мелатонин
  • Өсімдік тектес  ұйықтатуға арналған дәрілер (седативті)
  • Өсімдік тектес  психикаға әсер ететін стимуляторлар
  • Никотинге тәуелділікті емдейтін  препараттар
  • Ми метаболизміне әсер ететін препараттар
  • Аналептикалық  препараттар
  • Адаптогендер мен жалпы сергітетін заттар
  • Бас айналуды болдырмайтын препараттар

Паразитке қарсы препараттар,  инсектицидтер мен  репелленттер:

  • Эктопаразитерді жоюға арналған препараттар  (соның ішінде қотыр кенесін), инсектицидтер мен  репелленттер
  • Гельминтке қарсы   препараттар

Тыныс алу жүйесін емдеуге арналған препараттар :

  • Опиодты емес жөтелге қарсы  заттар
  • Қақырық түсіретін заттар
  • Жөтелге қарсы заттар
  • Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және басқа да препараттар  (симпатомиметиктер, мұрынға арналған глюкокортикостероидтар, жуан жасушалар жарғақшасының тұрақтандырғышы, мұрын ауру кезінде жергілікті қолдануға арналған  өзге де препараттар)

Бронх демікпесін  емдеуге арналған препараттар:

  • Сальбутамол
  • Тербуталин
  • Фенотерол

Жүйелі қолдануға арналған гистаминге қарсы препараттар:

  • Біріктірілген дәрілік препараттардың  құрамына кіретін I буынды  Н1-рецепторларының гистаминды блокаторлары  (хлоропирамин, клемастин, дифенгидрамин, мебгидролин, фенирамин, прометазин, квифенадин)
  • II буынды Н1-рецепторларының гистаминды блокаторлары  (акривастин, диметинден, азеластин, цетиризин, эбастин, лоратадин, меквитазин, деслоратадин, фексофенадин)
  • Антигистаминдік және  антисеротониндік препараттар
  • Жуан тіндердің дегрануляциясын  блоктайтын аллергияға қарсы препараттар

Сезіну ағзалары ауруларын емдеуге арналған препараттар:

  • Қабынуға қарсы, микробқа қарсы препараттар және  олардың жергілікті қолдануға арналған  біріктірілімдері
  • Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар
  • Жергілікті  анестетиктер
  • «Құрғап қалған көздер» синдромының профилактикасы және емдеуге арналған препараттар
  • Мұрынға арналған  спрей түріндегі  құрамында табиғи минералы  және микроэлементтері бар  изотониялық стерильді ерітінділер

Өзге де препараттар:

  • Құрамында спирті бар тұнба, тұнбалар, шәрбаттар, экстрактілер, бальзамдар
  • Этил спирті
  • Шілтер жапырақты шайқурайды қоспағандағы өсімдік тектес препараттар.

Комментарий