Жаңалықтар | Новости

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары қайтыс болды

Қырғызстандық жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның ұлы Елдар Айтматовқа сілтеме жасап.

Қырғызстанда белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың жесір Мария Айтматова қайтыс болды. Өлім себебі мен жерлеу рәсімі қашан өтетіні әзірге хабарланбады.

Бұған дейін Елдар Айтматовтың әйелі Сабира Instagram желісінде бүкіл отбасымен коронавирус жұқтырғанын жазған болатын.

Мария Урматовна 1942 жылы 13 шілдеде дүниеге келген.

Комментарий