Жаңалықтар | Новости

ДСМ кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар статистикасын келтірді

Қазақстанда кейінгі тәулікте 2696 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 471, Алматы қаласы – 667, Шымкент қаласы – 80, Ақмола облысы – 92, Ақтөбе облысы – 125, Алматы облысы – 281, Атырау облысы – 114, Шығыс Қазақстан облысы – 83, Жамбыл облысы – 58, Батыс Қазақстан облысы – 231, Қарағанды облысы – 218, Қостанай облысы – 32, Қызылорда облысы – 47, Маңғыстау облысы – 65, Павлодар облысы – 47, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 56.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 294 946.

Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 2418 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 455, Алматы қаласы – 680, Шымкент қаласы – 26, Ақмола облысы – 93, Ақтөбе облысы – 142, Алматы облысы – 223, Атырау облысы – 102, Шығыс Қазақстан облысы – 63, Батыс Қазақстан облысы – 150, Қарағанды облысы – 153, Қостанай облысы – 132, Қызылорда облысы – 44, Маңғыстау облысы – 52, Павлодар облысы – 55, Солтүстік Қазақстан облысы – 32, Түркістан облысы – 16.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 252 598.інгі

Комментарий