Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

“Снарядтар көшеде жатыр”: Тұрғымбаев Арысқа адамдарды неге кіргізбейтінін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арысқа ат басын бұрған соң өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қалаға неге ешкімді кіргізбей жатқанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі журналистердің өтініші бойынша қаладағы жағдайды баяндады.

Министрдің сөзінше, қала толығымен қоршауға алынған. Адамдардың өміріне нақты қауіп төнгендіктен ол жаққа ешкім жіберіліп жатқан жоқ.

ІІМ басшысы қала көшелерінде оқ-дәрі қоймаларынан ұшып кеткен, жарылмаған снарядтар жатқанын түсіндірді. Қала осыған байланысты қоршауға алынған.

Журналистердің жарылыс қаупі сақталған қалада болу үрей тудырды ма деген сұрағына министр: “Маған қорқынышты болған жоқ. Қалада тонау фактілері болмас үшін 75 автокөліктік және жаяу патрульдер жұмыс істеп жатыр”, – деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, министр бүгін саперлер жұмысқа кіріскенін алға тартты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған. Алайда, Төтенше жағдайдың себептері туралы айту ерте, себебі қоймалар әлі түгел қаралмаған.

Комментарий