Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

«Тіл – таусылмайтын байлығымыз»

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы тіл екені даусыз. Еліміз  тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілде де Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын  қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды. Содан бері 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы  халықтарының тілдер мерекесі деп аталып келеді. Бұл  – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт  өкілдеріне көрсетілген құрмет деп ойлаймын.

Ана тілі- халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп- өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегіне ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Тіл байлығы ‑ әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол ‑атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. « Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру ‑Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты ‑оның ана тілі. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі деп анық жазылған.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз.Өткенді, бүгінгіні, болашақ  қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.

Жәнібек аудандық сотында істердің көбі мемлекеттік тілде қаралуда және, құжаттардың мемлекеттік тілде сапалы дайындалуына үнемі назар аударылып отырады. Сотқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін кіріс хаттарының басым көпшілігі ресми тілде рәсімделсе де, сот тарапынан жауап қазақ тілінде беруге басымдық беріліп отыр.

БҚО Жәнібек аудандық сотының кеңсе бас маманы 

Махсотова Жемис Бауржановна

 

Комментарий