Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

Арыстағы жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында екі адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Мемлекет басшысы Арыс қаласындағы оқиға орнына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өкінішке орай, қаза болғандар бар: бір азамат және бір әскери қызметші. Туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі”, – деді премьер-министр үкімет отырысында.

Комментарий