Жаңалықтар | Новости

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңға мағлұмат

Кеше, Алматы қаласы, Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінде, осы аталған ауданға қатысты прокурор тарапынан 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI ҚРЗ Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Қазақстан Республикасының Заңы, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері, Жәбірленушілерге өтемақы мөлшері, Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі туралы тусіндірме жұмысы жүргізілді.

Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері

  1. Салықтық емес түсімдер Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері болып табылады, оларға:

1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;

2)Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 717880818290142156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар;

3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;

4) регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер жатады.

  1. Сот айыптау үкiмiн шығарған кезде кінәлі адамдардан Жәбірленушілерге өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.

Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобы жасаған жағдайда, мәжбүрлі төлем әрбір кінәлі адамнан жеке өндіріп алынады.

Кінәлі адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша шығарылған жағдайда, одан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.

  1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
  2. Жәбірленушілерге өтемақы қорына инкассолық өкімдер шығаруға жол берілмейді.

7-бап. Жәбірленушілерге өтемақы мөлшері

  1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасындакөзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері отыз айлық есептік көрсеткішті құрайды.
  2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасындакөзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішті құрайды.
  3. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасындакөзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері елу айлық есептік көрсеткішті құрайды.
  4. Бір адам осы Заңның 6-бабының 1-тармағындакөзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жәбірленуші ретінде танылған жағдайда, өтемақы қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірінің көп мөлшердегі өтемақысының аз мөлшердегі өтемақыны қамтуы арқылы тағайындалады.

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі

  1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасауға құқылы.
  2. Жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтінішін қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның қарау мерзімі тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.
  3. Өтініш берудің ескеру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылды құрайды.
  4. Өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайда, жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқылы.
  5. Жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтініші бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган:

1) көрсетілген өтінішті қарайды;

2) жәбірленушіге не жәбірленуші құқықтары берілген адамға қабылданған шешімге шағым жасау құқығын түсіндіре отырып, өтінішті қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

  1. Өтемақы тағайындау туралы не одан бас тарту туралы шешімді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

Алматы қаласы, Алатау аудандық пробация бөлімі қызметкерлері аталған заңды негізге ала отырып осы бағытта өз жұмыстарын ары қарай жалғастырып, қатаң турде қадағалауды көздеді.

Алматы каласы Алатау ауданы ПКБ инспекторы адилет ага лейтенанты Жумагожаев Еркебулан Нурсейтович

Комментарий