Аймақтар | Регионы

Пробация кызметі

Пробация кызметінің қоғамнан оқшау жазаларды атқару барысындағы бағыттардын бірі сотталғандарды қоғамға дағдылау, түзелу жолына түсіру және заңға бағынушылық мінез құлқын қалыптастыру. Олармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастаң Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабында көзделген тәртіпті және жазаны өтеудің шарттары мен тәртіптерін бұзбау туралы, өтеу тәртібін қасақана бұзған үкім, осыған байланысты сотталушылар жазасын өтеу мерзімімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Осы бағытта атқарылған іс-шаралардың бірі ретінде Зайсан аудандық сотының 09.07.2020 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 188бабының 3-бөлігі 3) тармагы, 60 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған К., белгіленген кестеге сәйкес тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған, ол тіркеуге келмеген. Ол жазаны өтеу ережелерін бұлтартпау туралы
профилактикалық іс-шараларга реакция жасамады. Осыған байланысты оған қатысты материал бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа жіберілді. Аталған өтінішті «WhatsАрр»видео-конференция байланысы бойынша қарастырылып, жазасының өтелмеген 2 жыл 11 ай 3 күнін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

 

ШКО бойынша КАЖД Зайсан аудандык ПК инспекторы әділет лейтенанты Ж. Даирбеков

Комментарий