Жаңалықтар | Новости

«Мен үшін өте жас емес пе?»: Алмас Кішкенбаев блогер қызды ұнатып қалғанын айтты

Қазақстандық әнші Алмаc Кішкенбаев Әйгерім есімді блогер қыздың ұнайтынын мойындады. Жанкүйерлері әншіге сан сауал жолдап үлгерді. Әнші оқырмандарының сұрақтарына ерінбей жауап берді, деп жазады stan.kz.

Алмас Кішкенбаев желіде жас блогер Әйгерім Абдуллаева туралы айтты. Оның ән айтатынын, бейнебаяны жарыққа шыққанын  хабарлады.

«Мына қыз маған ұнайды. Өзі ән айтады екен. Жаңа бейнебаяны шығыпты. Көріп бағасын беріңіздер. Блогер Нұрдәулет Нұрланбек екеуі ғашықтардың рөлін сомдапты. Білуімше, олар жай ғана дос. Әлде мен үшін өте жас па?», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айтуынша, ол блогер қызбен жеке таныс емес.

Әншінің жанкүйерлері мұны махаббат деп болжап, сан сауалын қойып үлгерді. Әнші ғашық болып қалды деп шулады. Алайда Кішкенбаев «сүю» мен «ұнатудың» аражігін ажыратып берді.

«Балалар «жақсы көрудің» мен «ұнатудың» айырмашылығын білмейтін секілді. Бұл екі ұғымның айырмашылығы жер мен көктей. Мәселен, сіздер ата-анам маған ұнайды демейсіздер ғой. Ата-анамды жақсы көрем дейсіздер.

Комментарий