Жаңалықтар | Новости

Назгүл Қарабалина: Әнші Мәдина, Айгүлдердің әкімшісі болып, көйлегін үтіктеген күндерім болды

Танымал театр актрисасы Назгүл Қарабалина басынан өткен қиын күндері туралы айтып берді. Беделді актриса бір кездері депрессияға түсіп, театрдан 8 жылға қол үзіп қалғанын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Сол сәтте басқа қырымнан ашылып, басқа әлемді тануға мүмкіндік берілді. Айнұр Көпбасарова есімді құрбым, әпкем сол сәтте маған қол ұшын берді. Өзімнен өзім депрессияда жүргенімде мені суырып шығарды. «Жүр, жанымда бол» деп қолыма микрофон ұстатты», – дейді актриса.

Әрі қарай Назгүл Қарабалина театр саласынан шоу-бизнеске ауысудың өзіне оңай болмағанын жасырмады.

«Театрда кейіпкер болып жүріп шоу-бизнестің ортасына кірдім. Мен бұл саланы білмейді екенмін. Мәдина Сәдуақасова, Айгүл Иманбаеваның әкімшісі болып, солардың көйлегін үтіктеп жүрдім. Бірден режиссер болмадым. Әкімші болып, барлығынан өттім», – деді Азамат Сатыбалдының әйелі.

Естеріңізге сала кетсек, Назгүл Қарабалина күйеуі Азамат Сатыбалдының жүрегін қалай жаулағанын айтып берген еді.

Комментарий