Жаңалықтар | Новости

Алла жолында жүрсең ән айтпай-ақ қою керек қой- Жеңісхан Момышев

Отандық режиссер Жеңісхан Момышев дін жолында жүрген қазақстандық әншілерді сынға алды. Режиссер әнші не ән айту керек, не дін жолында жүру керек деген көзқарасын жеткізді.

Бұл туралы “Опмай-опмай” бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Режиссер дін жолында жүрген өнер адамдарымен жұмыс істеудің қиындығы туралы айтты. Әсіресе, бейнебаян түсіру кезінде түсініспеушілік болып жатады дейді ол.

“Әнші болған соң ән айту керек. Кей әншілер бар дін жолында жүрген. Маған анау болмайды, мынау болмайды деп шығады. Өздері екіге бөлініп алған, біреуі қысқа киеді. Бірі ұзын киеді. Намазды әркім өзі үшін оқиды. Оны елге көрсетудің керегі жоқ. Бейнебаян түсірсең, небір талап қойып, өзі қалағанын жасатады. Сосын неге қаралым жоқ деп ренжиді. Алла жолында жүрсең ән айтпай-ақ қою керек қой”, – деді режиссер.

Режиссер кей әншілердің хиджабты мазақ қылып кеткенін айтты. 

 

“Енді бірі хиджаб киіп, қысқа кие алмаймын деп жүреді. Кейін жалаңаштанып түсірілімде жүреді, не мүлде шешіп тастайды. Оларға ойыншық секілді. Образ жасап алған. Намаз оқимын деп образ жасап алады. Егер еш жерге шығармай қойса, орамалын шешіп, киімін киіп барар еді. Бәрі өтірік. Бәрі жасанды. Хиджаб киіп алып уағыз айтуға көшкен. Кәлиманы айтып, желіде отырады. Мұсылманда әйел адам уағыз айтпайды. Ер азаматтар айтады”, – деді режиссер.

Момышев уағыз айтып жүрген өнер өкілдерін де, ұзын киіп ән айтып жүрген әншілерді де сынға алды. Одан бөлек желіде балағат сөз айтып жүрген вайнерлерге тосқауыл қою керектігін жеткізді.

“Бізде аузына келгенін айтып жатқан вайнерлер көп. Олардың көзін құрту керек. Оларды менің балам тыңдап отыр. Не үйретіп жатыр? Балағатсыз, басқасыз адамды күлдіруге болмай ма? Онда оның таланты жоқ деген сөз”, – деді ол.

Комментарий