Талқыдағы тақырып

Мына жағдайға байланысты бензин бағасын бірден 350 теңгеге көтеріп жіберіпті дейді.

Біреудің үйі өртенсе, бас үйітіп алатындар болады ғой. Арысқа жақын жердегі Монтайтаста жалғыз жанармай бекеті бар, сол жерде мына жағдайға байланысты бензин бағасын бірден 350 теңгеге көтеріп жіберіпті дейді.
Ол аз десеңіз, көліктер адамдарды 2000-3000 теңгеге әкетіп, 0,3 л суды 1000 теңгеден сатып жатыр екен.
Алла сақтай гөр, қайғыдан ақша жасауға бола ма енді? Ондайларды заң алдында жауапкершілікке тарту керек қой! Не сұмдық?!.

Мәриям Әбсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий