Жаңалықтар | Новости

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 436, Алматы қаласы – 665, Шымкент қаласы – 114, Ақмола облысы – 98, Ақтөбе облысы – 206, Алматы облысы – 251, Атырау облысы – 110, Шығыс Қазақстан облысы – 85, Жамбыл облысы – 46, Батыс Қазақстан облысы – 205, Қарағанды облысы – 220, Қостанай облысы – 30, Қызылорда облысы – 35, Маңғыстау облысы – 80, Павлодар облысы – 50, Солтүстік Қазақстан облысы – 35, Түркістан облысы – 53.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 289 720.

Сонымен қатар, Қазақстанда кейінгі тәулікте 1773 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 538, Алматы қаласы – 340, Шымкент қаласы – 7, Ақмола облысы – 70, Ақтөбе облысы – 15, Алматы облысы – 260, Атырау облысы – 25, Шығыс Қазақстан облысы – 32, Батыс Қазақстан облысы – 102, Қарағанды облысы – 129, Қостанай облысы – 120, Қызылорда облысы – 34, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 47, Солтүстік Қазақстан облысы – 46, Түркістан облысы – 5.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 248 096.

Комментарий