Жаңалықтар | Новости

ШҚО-да 23 мыңнан астам адамға вакцина салынды

Шығыс Қазақстан облысында 23 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша 23 238 адамға СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынды. Оның ішінде 297 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурулармен ауыратын 2349 адам, 9620 медицина қызметкері, 2885 мұғалім, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің 342 маманы бар.
«Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцинаны 457 учаскелік полицей, 2899 құқық қорғау органдарының қызметкері, бұқаралық ақпарат құралдарының 24 өкілі, халыққа қызмет көрсету орталықтарының 27 маманы, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың 17 қызметкері алды. Екпе салдырғандар арасында студенттер саны – 101», – делінген хабарламада.
Жалпы өңір бойынша ревакцинациядан өткендер саны 7 086 адамды құрап отыр.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Комментарий